6 қазан күні атом электр стансасын салу жөніндегі республикалық референдуды өткізуге Махамбет ауданындағы аумақтық референдум комиссиясы сақадай сай. Ондағы ақпарат бойынша аудандағы 14 елді мекенде 18 референдум учаскесі белгіленіп, 110 комиссия мүшесі даярланды. Олар семинарларға қатысып, референдум заңдылықтары жөнінде білімін шыңдады. Жалпы, Махамбет ауданы бойынша 17 065 адам дауыс беру құқығына ие болса, оның 133-і – мүгедектігі бар азамат. Олар үшін 6 қазан күні 2 инватакси мен 2 сурдоаудармашы қызмет көрсетеді. Айта кетейік, бұрын шақыру қағазы әр үйге таратылса, биылдан бастап дауыс беру құқығы бар әр азаматқа жеке табысталып жатыр.