Сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне немқұрайлы қарамау негізінде іс-шара өтті. “Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу тетіктерін жетілдіру» - тақырыбында өрбіген форсайтта мүддесі бір, яғни сыбайластыққа қарсы әрекет ететін сала басшылары қатысты. Атап айтсақ: «Жаңару» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы республикалық тәуелсіз қоғамдық сараптама ұйымы» әрі оның Атырау облысындағы филиал мүшелері, квазимемлекеттік сектор өкілдері және ЖОО өкілдері қатысты. Мақсат – ұлт тамырына дендеген сыбайлас жемқорлыққа табанды қарсылық танытып, қоғам дертін түбегейлі жою.