Атырауда үш күндік ауқымды «Decentrathon» Хакатон байқауы басталды. Бұған университет оқытушылары мен студенттерден құралған командалар қатысуда. Бұл - өңірдегі ІТ мамандарын дамытуда жаңа таланттарды анықтауға мүмкіндік беретін ауқымды жоба. Хакатон - Батыс елдерінен алынған үздік тәжірбие. Аталмыш Республикалық байқауға 12 университет қатысуда. Бағдарлама - 26-шы және 28-ші мамыр аралығында Қазақстанның түкпір-түкпірінде яғни 9 аймақта, 12 жерде, 1613 қатысушымен өткізілуде. Айта кетейік, мұндай ауқымды хакатон байқауы - Қазақстан технология секторының тарихында тұңғыш рет өткізіліп отыр.