Қазақстандағы алғашқы және ірі мұнай өндіруші компания "Теңізшевройлға" биыл 30 жыл. Осы уақыт аралығында ТШО - мұнай-газ өнеркәсібінің әлемдік брендіне айналды. Айтулы датаға орай, өңірде салтанатты жиын өтті. Бас қосуда өзара тиімді ынтымақтастық қорытындысы баяндалып, еліміздің экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан компанияның келешегі туралы талқыланды.