Бүгіннен бастап, шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды. Қазақстан азаматтары сырттан әкелген шетелдік есептегі жеңіл автокөліктер, шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар, шағын жүк көліктер және рөлі оң жақтағы автокөліктерді заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жүргізіледі. Заңдастыруға өтінішті «Электрондық үкімет» порталы арқылы немесе мамандандырылған Халыққа Қызмет көрсету Орталығына тапсыруға болады. Мамандар көлік құралдарын заңдастыруға құжаттар қабылдау және ережелерді түсіндіретін әкімшілік полиция қызметкері қызмет көрсетеді. Өзіңізбен бірге - өтініш, жеке куәлік, автокөлік паспорты немесе тіркеу туралы куәлік, сондай-ақ меншік құқығын растайтын құжат болуы қажет. Ал заңдастырылғандығы туралы туралы шешім екі күн ішінде шығады. Автокөлікті заңдастыру үшін өтінім, азаматтың жеке төлқұжаты, көлік құралының паспорты немесе тіркеу туралы куәлік, көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат талап етіледі. Нәтижесі арнайы базаға тіркеледі және көлік иесінің телефонына 1414 нөмірінен SMS жіберіледі. Онда қабылданған шешім нақты жазылады. Заңдастыруға рұқсат етілсе, мемлекеттік алымдар төлеуі қажет. Заңдастыру кезіндегі негізгі төлем - 200 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар мемлекеттік нөмірге 9 660 теңге және техпаспорт үшін 4 313 мың теңге төленеді. Осыдан кейін өтініш иесі тіркеу құжаттарын және Қазақстанның мемлекеттік нөмірін алады. Айта кету керек, шетелдік есепке алынған автокөліктерді заңдастыру - бұл бір реттік акция.