Облыстық перинаталдық орталығында салмағы 5 кило 700 грамм, бойы 64 сантиметр болатын алып бала дүниеге келді. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ана мен баланың жағдайы жақсы. Нәресте отбасындағы төртінші бала екен. Сәбидің салмағы ірі болған соң, кесір тілігі жасалған. Айта кетейік, ол облыс бойынша биылғы жылы дүние есігін ашқан алғашқы алып бала. Медицинада нәресте салмағы 4 келіден асса, ірі, ал 5 келіден асса, алып саналады. Мамандар ауыр салмақпен дүниеге келген балалар ерекше күтімді қажет етеді дейді. Дегенмен сәбидің жағдайы бірқалыпты. Дәрігерлер баланы үйге шығарды. Атырау арнасының түсірілім тобы сәбиді үйге шығару сәтінің куәсі болды.