Жылыой ауданы әкімінің атынан белгісіз біреу хабарлама таратқан. Мәлім болғандай, алаяқ WhatsApp мессенджеріндегі номерінің профиліне Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражановтың фотосын орнатып, оның атынан бірнеше адамға хабарлама жазған. Ал бұл жәйтке қатысты аудан әкімі алаяқ жіберген хабарламаларға сенбеуге шақырды. «Қайырлы күн, әлеуметтік желі қолданушылары. «Интернет-алаяқтық» ұғымы жергілікті атқарушы органға да жеткенін хабарлағанды жөн санаймын. Белгісіз біреу WhatsApp арқылы бірнеше азаматқа менің атымнан хабарлама таратқан. Барша тұрғындарға, мені жеке танитын азаматтарға аталған нөмірден немесе сіз танымайтын өзге нөмерден хабарлама келсе мән бермей, жауап бермеген жөн екендігін мәлімдеймін. Өз кезегімде қазіргі интернет-алаяқтық бойынша заң шеңберінде әрекет етудемін», - деп жазды Facebook-тегі парақшасында Жұмабек Қаражанов.