Қазақ мұнайының қара шаңырағы атанған ЕМБІМҰНАЙГАЗ АҚ-на биыл 100 жыл. Осыған орай аталған компания кезекті мерейтойлық мерекені "Жайықмұнайгаз" мұнай-газ өндіру басқармасында атап өтті.Бүгінгі таңда ғасыр куәгері болған басқарманың 300-ден аса ардагері бар. Атаулы мерекеде олардың еңбегі ерекше ұлықталып "Ембімұнайгаз" Акционерлік қоғамының 100 жылдығы медалі тағылып, Еңбек үздігі атанған қызметкерге 5 млн тг ақшалай сыйақы берілді.