Атырау жоғары медициналық колледжі өңірдегі алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі. Орта буын мамандарын даярлайтын қара шаңыраққа биыл 75 жыл. Колледж 8 мамандық бойынша мамандар даярлап, оқытады. Білім ордасы биылда жаңа оқу жылына абитуренттерді қабылдауға дайын.