Бір-ақ түнде қаланы қалың қар басты. Қытымыр қаңтардың қолайсыз ауа -райына тойтарыс бере алмаған бірнеше көлік  жол  қақтығысына да тап болды. Дабыл қаққан құзырлы органдар жүргізушілерге жылдамдықты асырмай жүруді ескертеді.Сондай-ақ, қаланы қардан тазалау жұмысы да қарқын алды.