«ШЕКСІЗ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ»: ИНКЛЮЗИВТІ ПОЭЗИЯЛЫҚ КЕШ ӨТТІ
«Шексіз шығармашылық» жобасы аясында қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған поэзиялық кеш өтті. "Біз де адамбыз" қоғамдық қоры ұйымдастырған әдеби шара осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Шығармашылық кездесуге жергілікті ақындар да жиналды.