ӨҢІРДЕ НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Өңірде жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл жолы №24 жалпы білім беретін орта мектепте оқушылармен кездесу ұйымдастырылды. Оған 100-ден астам жасөспірім қатысты. Басқосуда есірткінің зияны, оның салдары және зиянды әдеттерден аулақ болудың маңызы түсіндірілді. Облыстық полиция департаментінің жанынан құрылған кеңес жыл басынан бері қала мектептерін аралап, профилактикалық кездесулер өткізген. Кеңес құрамында тәртіп сақшылары, педагогтар, спортшылар,психологтар мен қоғам белсенділері бар.