Негізгі Жаңалықтар ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 91 АВТОКӨЛІК ОТҚА ОРАНДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 91 АВТОКӨЛІК ОТҚА ОРАНДЫ

Жыл басынан бері өңірде автокөліктерде 91 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 56,8 пайызға көп. Былтыр осы уақытта 58 көлік өртенген. Өрт оқиғаларының бір бөлігі газ баллонды жабдық орнатылған көліктерде болған. Биыл мұндай 22 жағдай тіркелді. Ал өткен жылы олардың саны 15-ті құраған. Жалпы, автокөліктердегі өрт салдарынан жеті адам жарақат алды. Мамандардың айтуынша, көліктің техникалық жағдайын бақылау және газ жабдықтарын дұрыс пайдалану – қауіпсіздіктің басты талаптарының бірі. Осыған байланысты өңірдегі газ құю бекеттерінің бірінде профилактикалық шара ұйымдастырылды. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жүргізушілерге көліктегі өрттің алдын алу жолдарын түсіндіріп, газ құю кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік талаптарын еске салды. Сондай-ақ, газ жабдығының жарамдылығын тұрақты тексеріп, ақау анықталған жағдайда көлікті пайдаланбау қажеттігі ескертілді.


Бөлісу