500-ДЕН АСТАМ ОҚУШЫ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫН ТАНЫСТЫРДЫ
Атырауда республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі басталды. Білім мен ғылымды ұштастырған байқауға өңірдегі мектептерден 500-ден астам оқушы қатысып, өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын көпшілік назарына ұсынуда. Олардың қатарында цифрлық технологияларға негізделген тың жобалар да бар.