АТЫРАУДА ЖАС ОРЫНДАУШЫЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Ардагер ұстаз, домбырашы Серікбай Қабдешев атындағы жас орындаушылардың І қалалық байқауы өтті. Өнер додасына үш музыка мектебінен 120 тәрбиеленуші қатысып, өзара бақ сынады. Байқаудың негізгі мақсаты - ұлттық музыканы дәріптеп, жас таланттарға қолдау көрсету болып табылады.