«ISKER ADAMDAR» ЖОБАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Жастардың кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған «Isker Adamdar» жобасы қорытындыланды. 18 бен 35 жас аралығындағы қала жастарын қамтыған жобаның басты мақсаты оларды еңбек нарығына бейімдеп, сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруіне және жеке кәсіп бастауына мүмкіндік беру. Екінші жыл қатарынан жүзеге асып жатқан бастама Ішкі саясат басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған.