«ТАЛАПТАН ҚҰРМАНҒАЗЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 20 ЖАС КӘСІПТІК БІЛІМ АЛДЫ
«Талаптан Құрманғазы» жобасы аясында 20 жұмыссыз жас кәсіптік білім алды. Сондай-ақ, 1 150 адам түрлі бағыттағы іс-шараларға қатысты. Жоба жастардың кәсіби дағдыларын дамытып, жұмыспен қамтуға және қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталды. Кәсіптік білім алған қатысушылардың бірі жеке кәсібін ашса, екі жас маман тұрақты жұмысқа орналасқан. Смағұл Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде өткен қорытынды жиында белсенді жастар мен жобаға қатысушылар марапатталды. Ұйымдастырушылар бұл бастаманы келер жылы жалғастыруды жоспарлап отыр.