Негізгі Жаңалықтар «ДОМБЫРА ҮНІ – ӘЛЕМГЕ ОРТАҚ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН ТЕЛЕМОСТ ӨТТІ

«ДОМБЫРА ҮНІ – ӘЛЕМГЕ ОРТАҚ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН ТЕЛЕМОСТ ӨТТІ

Қазақ домбырасы әлемді әуенімен біріктірді. Атырау қаласында «Домбыра үні – әлемге ортақ» атты халықаралық онлайн телемост өтті. Онлайн кездесуге Чили, Өзбекстан, Нидерланд, Австралия, Әзербайжан, Түркия және өзге де мемлекеттердің өкілдері қосылды. Сондай-ақ Тараз қаласының жас домбырашылары да халықаралық шараға қатысып, өнер көрсетті. Телемост барысында қатысушылар қазақтың ұлттық музыкалық мұрасы мен домбыраның мәдениеттегі орны туралы ой бөлісті. Қара домбыраның қоңыр үні арқылы түрлі елдің өкілдері бір арнаға тоғысып, рухани байланыс орнатты.

Шараның басты мақсаты – қазақтың ұлттық өнерін шетелде кеңінен насихаттау, домбыраның қадір-қасиетін әлемге таныту және халықаралық мәдени ынтымақтастықты нығайту.

Бөлісу