Негізгі Жаңалықтар ӨҢІРДЕ КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛДАУ КҮШЕЙДІ

ӨҢІРДЕ КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛДАУ КҮШЕЙДІ

Аймақта кәсіпкерлікті дамытуға және отандық өнім өндірісін арттыруға басымдық беріліп отыр. Бүгінде өңірде 537 өнім шығаратын кәсіпорын жұмыс істейді. Оның төртеуі ірі, 16-сы орта, қалғаны шағын кәсіпкерлік субъектілері. 

Бизнесті дамыту үшін мемлекет тарапынан орталық және жергілікті деңгейде бірқатар қолдау тетігі қарастырылған. Атап айтқанда, несие пайызын субсидиялау, кепілдік беру, жеңілдетілген несие ұсыну және жаңа бизнес-идеяларға қайтарымсыз грант бөлу шаралары жүзеге асырылуда.

Мысалы, әлеуметтік бизнес өкілдері мен «Бір ауыл – бір өнім» жобасының финалистері 5 млн теңгеге дейін грант ала алады. Ол үшін өтінім беруші әлеуметтік кәсіпкерлердің республикалық тізіміндегі төрт санаттың біреуі бойынша енуі тиіс.

Сонымен қатар, биыл алғаш рет өңір экономикасын әртараптандыруға арналған бағдарлама жүзеге асуда.


Бөлісу