КҚК - 30 ЖЫЛ: ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Биыл Каспий құбыр консорциумының құрылғанына 30 жыл толды. Мерейтойға орай Атырауда компанияның бас директоры Николай Горбань Шығыс аймағының ұжымымен кездесті. Салтанатты шарада консорциумның дамуына елеулі үлес қосқан мамандар құрметтеліп, оларға салалық наградалар мен алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ, жиында компанияның биылғы өндірістік қызметі қорытындыланып, алдағы жоспарлары мен міндеттері талқыланды.