БЕЛГІЛІ МҰНАЙШЫ К.ИБРАШЕВТІҢ АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
Атырауда мұнай-газ саласының көрнекті өкілі, техника ғылымдарының кандидаты, қоғам қайраткері Кенжебек Ибрашеевтің есімі берілген дәрісхана ашылды. Жаңа аудитория Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде орналасқан. Дәріс залы академиялық қауымдастық пен мұнай-газ индустриясы өкілдерінің өзара байланысын нығайтуға арналған заманауи білім беру алаңына айналмақ.