ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
Елімізде мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібі өзгерді. Жаңа заңнамаға сәйкес, іріктеу үдерісі жеңілдетіліп, конкурссыз тағайындау және келісімшарт негізінде жұмысқа орналасу мүмкіндіктері кеңейді. Сондай-ақ, жоғары оқу орнын үздік аяқтаған түлектер аудандық және ауылдық деңгейдегі бастапқы лауазымдарға емтихансыз қабылдана алады. Осы ретте Қызылқоға ауданында да екі жас маман мемлекеттік қызметке тағайындалды.