Негізгі Жаңалықтар ОҚУШЫЛАР АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ТӘСІЛДЕРІН МЕҢГЕРДІ

ОҚУШЫЛАР АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ТӘСІЛДЕРІН МЕҢГЕРДІ

Адам өміріне қауіп төнген сәтте уақыт жоғалтпай, дұрыс әрекет ету маңызды. Әсіресе, алғашқы көмек көрсету тәртібін білу талай жағдайдың алдын алуға мүмкіндік береді. Jayiq Binom мектеп-лицейінде оқушыларға арналған танымдық кездесу өтіп, мамандар төтенше жағдайда көмек көрсетудің негізгі тәсілдерін үйретті. Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастырған іс-шараға құтқарушылар мен медицина қызметкерлері қатысты. 


Бөлісу