Негізгі Жаңалықтар СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында өңірде жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, жыл басынан бері Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті 2 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырған. Азаматтардың құқықтық сауатын арттырып, қоғамда адалдық пен әділдік қағидаларын қалыптастыруға бағытталған жұмыстардың бірі Достық үйінде өтті. Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы қоғамдық ұйымдардың рөлі талқыланды.


Бөлісу