ХАМИТ ЕРҒАЛИЕВТІҢ ТУҒАНЫНА - 110 ЖЫЛ
Атырауда көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы Хамит Ерғалиевтің туғанына 110 жыл толуына орай фотокөрме ұйымдастырылды. Облыстық мемлекеттік архив өткізген шарада қаламгердің өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, өлеңдері оқылды. Көрмеге ақынның туыстары, зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысып, қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасын еске алды.