«ЖІБЕК ҒҰМЫР» - ӨНЕРГЕ АРНАЛҒАН ӨМІР
Атырауда Қазақстанның халық әртісі, қазақ киносының көрнекті актрисасы Меруерт Өтекешованың шығармашылығына арналған «Жібек ғұмыр» атты мәдени кеш өтті. «Қыз Жібек» фильміндегі басты рөлі арқылы көрерменнің сүйіспеншілігіне бөленген өнер иесімен жүздесуге 400-ге жуық атыраулық жиналды. Кеш барысында актрисаның шығармашылық жолы таныстырылып, қазақ киносының алтын қорына енген туындылар еске алынды.