ҚАЛАМГЕР Р.ОТАРБАЕВТЫҢ МҰРАСЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Құрманғазы ауданында көрнекті жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Рахымжан Отарбаевтың туғанына 70 жыл толуына орай «Рахымжан. Рух. Руханият» атты еске алу кеші өтті. Тағылымды шараға аудан әкімінің орынбасары Амангелді Мұратов пен зиялы қауым өкілдері қатысып, қаламгердің рухына тағзым етті.