ҚҰТҚАРУШЫЛАР КРОССФИТТЕН КҮШ СЫНАСТЫ
19 қазан - Құтқарушылар күні. Мереке қарсаңында облыста өрт сөндіру бөлімдері арасында кроссфиттен спорттық жарыс өтті. Сайысқа 15 командадан құралған 30 қызметкер қатысып, жеті кезең бойынша күш сынасты. Қатысушылар жылдамдық, күш пен төзімділікті талап ететін тапсырмаларды орындап, кәсіби дайындығын көрсетті.