АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ПЛЕНУМЫ ӨТТІ
Облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті пленумы өтті. Жиынға облыс әкімі Болат Ақшолақов қатысып, аға буын өкілдерінің қоғамдағы орны мен ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына тоқталды. Басқосуда ардагерлер ұйымдарының атқарған жұмысы қорытындыланып, алдағы міндеттер айқындалды. Сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен салт-дәстүрді кейінгі ұрпаққа жеткізу мәселелері сөз болды. Толығырақ бейнематериалда.