ТАРИФ ҚҰНЫ ӨСУІ МҮМКІН
Облыста тауарлық газды тасымалдау қызметінің тарифін көтеру мәселесі талқыланды. «QazaqGaz Aimaq» акционерлік қоғамының Атырау өндірістік филиалы 2027-2031 жылдарға арналған тариф пен шығындар сметасын бекіту жөнінде қоғамдық тыңдау өткізді. Кәсіпорын қолданыстағы тарифті қайта қарауды ұсынып отыр. Қосымша қаражат газ құбырларын жөндеуге, тозған желілерді ауыстыруға және техниканы жаңартуға жұмсалмақ.