Негізгі Жаңалықтар ШЫМКЕНТТІК ӨНЕР ҰЖЫМЫ АТЫРАУДА

ШЫМКЕНТТІК ӨНЕР ҰЖЫМЫ АТЫРАУДА

Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры атыраулықтарға «Тастамашы, Ана!» драмасын ұсынды. Гастрольдік сапар аясында сахналанған қойылым ата-ана мейірімін аңсаған балалардың тағдырын баяндайды. Отбасы құндылықтарын арқау еткен шығарма көрерменді жақындарының қадірін бағалап, балаға деген қамқорлықтың маңызы туралы ойлануға жетелейді.


Бөлісу