«ТАЛШЫН» ТЕАТРЫ «ҚАСЫҢДАМЫН» ҚОЙЫЛЫМЫН САХНАЛАДЫ
«Талшын» инклюзивті театры «Қасыңдамын» атты жаңа қойылымын көрермен назарына ұсынды. Бұл - ұжымның екінші авторлық жұмысы. Спектакльде адамгершілік, жанашырлық пен жақындардың қолдауы сөз болады. Туынды өмір сынағына тап болған адамның тағдыры мен оны еңсерудегі сүйіспеншіліктің рөлін баяндайды.