«ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ»
Нұрғиса Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназиясында «Әділетті қоғам – жарқын болашақ» атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Оған 30 оқушы қатысып, өз шығармалары арқылы адалдық, әділдік пен жауапкершілік құндылықтарын бейнеледі. Шараның мақсаты - жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттерді дәріптеп, әділетті қоғам туралы түсінігін қалыптастыру.