Негізгі Жаңалықтар ОБЛЫСТА АЛИМЕНТ БЕРЕШЕГІ 4,8 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСТЫ

ОБЛЫСТА АЛИМЕНТ БЕРЕШЕГІ 4,8 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСТЫ

Облыста алимент берешегінің көлемі 4 миллиард 848 миллион теңгеден асқан. Қазір қарызы бар борышкерлерге қатысты 3730 атқарушылық іс жүргізілуде. Бұл істер бес мыңнан астам баланың мүддесіне қатысты. Аталмыш мәселе «Алимент өндіру: өзекті мәселелер, түйінді тұстар және оларды шешу жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстелде талқыланды. Жиынға әділет департаментінің, полиция мен прокуратураның өкілдері және жеке сот орындаушылары қатысты.


Бөлісу