МҮГЕДЕКТІГІ БАР ЖАНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
Жұмысқа орналасу - әр адам үшін маңызды қадам. Ал мүгедектігі бар азаматтар үшін тұрақты еңбек ету табыс көзі ғана емес, қоғамның белсенді мүшесі болуға да мүмкіндік береді. Облыста осы санаттағы азаматтарды жұмыспен қамту бағытында арнайы жұмыс орындары құрылып жатыр. Соңғы 3 жылда бағдарлама аясында 31 адам жұмысқа орналасқан. Сонымен қатар жұмыс берушілерге мемлекеттік қолдау көрсетіліп, арнайы жұмыс орнын құру үшін 300 АЕК көлемінде субсидия қарастырылған. Тақырыпты тілші тарқатады.