ЖӘРМЕҢКЕДЕ 700-ДЕН АСТАМ БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ
Атырауда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шарада 700-ден астам вакансия ұсынылып, жұмыс іздеушілерге түрлі салада еңбек ету мүмкіндігі берілді. Жәрмеңкенің ерекшелігі - жұмыс орындары әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға да бағытталған. Атап айтқанда, мүгедектігі бар адамдар, пробация қызметінің есебінде тұрғандар және жазасын өтеу орындарынан босап шыққандар жұмыспен қамтуға шақырылды. Жәрмеңкеге барып қайтқан әріптесім Индира Мерекенқызы толығырақ тарқатады.