«ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ КИНО МЕН ТЕАТРДЫҢ РӨЛІ»
«Қазақ қоғамындағы кино мен театрдың рөлі» тақырыбында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында шығармашылық кездесу өтті. Басқосуға Қазақстанның халық әртістері Бахтияр Қожа мен Дулыға Ақмолда, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Асхат Маемиров пен Еркебұлан Дайыров қатысты. Кездесуде кино мен театрдың қоғам санасына әсері, жастар тәрбиесіндегі маңызы, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және зиянды әдеттердің алдын алу мәселелері талқыланды.