Т. АХМЕТЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ОРКЕСТРГЕ - 50 ЖЫЛ
Құрманғазы аудандық Смағұл Көшекбаев атындағы мәдениет үйі жанынан құрылған Төлеген Ахметжанов атындағы «Халықтық» қазақ ұлт-аспаптар оркестріне биыл 50 жыл толды. Мерейтойға орай ауданда фестиваль ұйымдастырылды. Ұлттық өнерді ұлықтаған шараға қала мен ауданнан 7 оркестр қатысып, қазақтың күй мұрасын дәріптеді.