Негізгі Жаңалықтар ӨҢІРДЕ КҮН САЙЫН 150 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛАДЫ

ӨҢІРДЕ КҮН САЙЫН 150 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛАДЫ

Өңірде күн сайын 150 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарылады. Алайда оның тек 5-6 пайызы ғана қайта өңдеуге жіберіледі. Бұл - пластик бөтелкелер, картон мен қағаз қалдықтары. Қалғаны полигонға көміледі. Қала тазалығын сақтау үшін ондаған арнайы техника мен маман күн сайын жұмыс істейді. Соған қарамастан, қоқысты уақытылы шығару, жұмысшы тапшылығы және тұрғындардың тазалыққа жауапкершілігі әлі де өзекті мәселе болып отыр.


Бөлісу