РЕТРО-САЯБАҚ ПЕН ЖАЙЫҚ ЖАҒАЛАУЫ АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ
Атырауда Ретро-саябақ, Тұрғындар қалашығы және Жайық жағалауын қамтитын аумақты абаттандыру жоспарланып отыр. Облыс әкімі Болат Ақшолақов бейінді мамандармен бірге аумақты аралап, өзен бойындағы 13 гектарға жуық жерді біртұтас қоғамдық кеңістікке айналдыру жөніндегі ұсыныстармен танысты. Жоба аясында саябақтар мен жасыл аймақтарды жаңартып, тұрғындарға арналған жаңа демалыс орындарын ашу көзделген.