АДАМ ПАПИЛЛОМА ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯ ЖАЛҒАСУДА
Облыста адам папилломавирусына қарсы вакцинациялау жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл екпе алатын жасөспірімдердің қатары кеңейіп, 14 пен 17 жас аралығындағы қыздар да иммундауға қосылды. Алайда өңірдегі вакцинациямен қамту деңгейі әзірге жоспарлы көрсеткішке жетпей отыр. Бүгінде қанша қыз вакцина алды? Медицина мамандары ата-аналар арасында қандай түсіндіру жұмыстарын жүргізуде? Сюжеттен көрейік.