ҚАШАҒАНДА АПАТТЫҚ ЖАҒДАЙҒА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Қашаған кен орнында ықтимал апатқа жедел ден қою дайындығы тексерілді. NCOC компаниясы Төтенше жағдайлар министрлігі, Атырау облысының әкімдігі және өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Birlik-2026» оқу-жаттығуын өткізді. Үш күнге созылған үшінші деңгейлі жаттығуда мамандар ұңғымадағы апатты тоқтату, арнайы техниканы жұмылдыру және тиісті қызметтердің бірлесіп әрекет ету тәртібін пысықтады.