ЖАС ӨНЕРПАЗДАР «ЖӘННАТ» ДРАМАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМЫН САХНАЛАДЫ
Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында оқушылардың қатысуымен «Жәннат» драмалық қойылымының тұсаукесері өтті. Режиссер әрі драматург Мұқанғали Томановтың туындысы ана қадірі, отбасы құндылығы және адамгершілік тақырыптарын арқау етеді. Қойылымда жастарды жат ағымның ықпалынан сақтандыру мәселесі де қозғалды.