ОҚУШЫЛАР ТУРИСТІК САЙЫСТА БАҚ СЫНАДЫ
Оқушылар спорттық сайыста бақ сынап, жорық кезінде қажетті дағдыларын көрсетті. «Таза табиғат - тартымды туризм» атты шараға 24 оқушы қатысып, түрлі тапсырмалар орындады. «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының бастамасымен ұйымдастырылған сайыс табиғатты аялауға, белсенді демалыс пен саяхат мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.