Негізгі Жаңалықтар АТЫРАУДА ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР ДӘРІПТЕЛДІ

АТЫРАУДА ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР ДӘРІПТЕЛДІ

Атырауда ұлттық өнерді дәріптеп, дәстүрлі қолөнерді насихаттауға бағытталған ашық шеберлік сағаттары өтті. «Асыл мұра» жобасы аясындағы шара Тұрғындар қалашығы шағын ауданындағы жаяу жүргіншілер көпірі маңында ұйымдастырылды. Бастамаға «Қазақия» қоғамдық қоры ұйытқы болып, жобаны «Теңізшевройл» компаниясы қолдады. Шара барысында қатысушылар ұлттық қолөнердің қыр-сырын меңгеріп, атадан балаға жалғасқан өнерді дәріптеуге атсалысты. 


Бөлісу