БИЫЛ ӨҢІРГЕ 83 МЫҢ ТУРИСТ КЕЛДІ
Атырау облысына жыл басынан бері 83 мыңнан астам турист саяхаттап келген. Оның 75 мыңы – ішкі туристер болса, 8 мыңға жуығы шетелден келген қонақтар. Салаға құйылған инвестиция көлемі де артып отыр. Биыл қаңтар-тамыз айларында 37,9 миллиард теңге көлемінде инвестиция құйылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3 есеге көп. Өңірдің туристік әлеуеті мен саланы одан әрі дамыту мәселелері Дүниежүзілік туризм күніне орай өткен форумда талқыланды.