АТЫРАУДА ҚАРШЫҒА АХМЕДИЯРОВТЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ
Қазақтың дәстүрлі күй өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған күйші-композитор, домбырашы Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 80 жыл толды. Осыған орай Атырауда өнер саңлағының рухына тағзым етіліп, ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Шараға күйшінің отбасы, зиялы қауым өкілдері мен өнер иесінің мұрасын зерттеп жүрген мамандар қатысты.