Негізгі Жаңалықтар ҚЫСҚЫ МАУСЫМДА ЖОЛДАРДЫ КҮТІП ҰСТАУҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРІП ЖАТЫР

ҚЫСҚЫ МАУСЫМДА ЖОЛДАРДЫ КҮТІП ҰСТАУҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРІП ЖАТЫР

Атырауда жол қызметінің қысқы маусымға дайындығы тексерілді. Өңірдегі республикалық маңызы бар автожолдардың ұзындығы 1115 шақырымнан асады. Оларды қыс мезгілінде күтіп ұстауға 43 арнайы техника дайындалған. Оның ішінде қар тазалайтын машиналар, автогрейдерлер, тракторлар мен тиегіштер бар. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жанындағы «ҚАЖ сервис» мекемесі республикалық маңызы бар жолдардың 240 шақырымына қызмет көрсетеді. Тексеру барысында қазандық, гараж, жылыну пункті және көктайғаққа қарсы материалдар сақталатын қойманың дайындығы қаралды.


Бөлісу