КАСПИЙДЕГІ ҚАРАЛЫ КҮН
Бүгін елімізде – Аза тұту күні. Күллі Қазақстан қара жамылды. Себебі кеше Маңғыстау облысында, Ақтаудан шамамен 45 шақырым жердегі Каспий жағалауында әскери оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметші қаза тапты. Қайғылы оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, қылмыстық іс қозғалды. Кеше Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев пен ҚР Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов оқиға орнына барып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді. Тақырыпты Маңғыстаудағы әріптесім толықтырсын.