МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СПОРТТЫҚ МАРАФОНДА БАС ҚОСТЫ
Мәдениет саласының 150-ге жуық қызметкері жүгіруге шықты. «Мәдениет марафоны» Жайық жағалауындағы жүгіру алаңынан басталды. Қатысушылар 2 шақырым қашықтықты бағындырды. Бастама салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.